Ақтөбеде жағдай қалыпты: 10 қаңтардан бастап  балабақшалар жұмысын бастайды
2022 жылғы 9 қаңтар 18:12

Ақтөбеде жағдай қалыпты: 10 қаңтардан бастап балабақшалар жұмысын бастайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жағдай қалыпты. Ертең балабақшалар жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі төтенше жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын 17 қаңтарға дейін ұзартты. Сонымен бірге колледж және жоғары оқу орындарының студенттері 24 қаңтарға дейін демалады. Аөтөбе облысының өңірлік штабының шешіміне сәйкес өңірдегі жағдайдың тұрақтануына орай, 10 қаңтардан бастап барлық балабақша қалыпты жұмысқа кіріседі», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.


Jańalyqtar

MURAǴAT