Ақтөбеде зейнетке кеткен бас санитар дәрігердің орнына Райхан Қойшанова тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева зейнет демалысына шығып, жаңа басшы болып Райхан Қойшанова тағайындалды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы лабораториясының бактериолог дәрігер болып бастады.

Қазіргі кезде осы саладағы еңбек өтілі - 27 жыл.

Бұған дейін департаменттің бөлім басшысы қызметтерін, ал 2017 жылдан бастап Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар