Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік кеңселер анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеп тұрған 4 букмекерлік кеңсе анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз жұмыс істеп тұрған 4 букмекерлік кеңсені анықтады.

«14 қаңтар күні полиция Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік кеңсені анықтады. Кассир-операторлар ұсталып, заттай айғақ ретінде 6 жүйелік блок, 3 сканер мен 226 мың теңге тәркіленді. Тағы бір дерек. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дәмхана ішінен ойын клубын анықтады. Мұнда да 3 жүйелік блок пен ақша тәркіленді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жиналған деректер облыстық мемлекеттік кірістер департаментің экономикалық тергеу қызметіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар