+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

2021 жылғы 30 шілде 10:50
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бір тәулікте 302 адамнан коронавирус инфикциясы анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген антирекорд болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 сырқат көз жұмды 2 909 науқас коронавирустан сауығып кетті Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 860 мыңнан асты

Бір тәулікте 302 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетіп, науқастар дәрігер көмегіне жүгінді. Оның 244-і дерттің симптомды түріне шалдыққан. Көбі Ақтөбе қаласында. Барлық ауданда да ауырып, ауруханаға түскендер бар.
«Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,9% құрады. Жалпы облыста бүгінге дейін 16 196 адамның вирус жұқтырғаны ПТР сынама арқылы расталса, оның 77,5% жазылды. Қазіргі таңда үй карантиніне 6053 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, өңірде 2-тамыздан бастап карантин шектеуі күшейеді. Сенбі-жексенбі күндері базарлар мен сауда орындары, монша, сауна секілді бірқатар қызмет көрсету орны жабылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT