Ақтөбеде вакцина салдырған оқушылар мектепке бара алады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде вакцина салдырған жоғары сынып оқушылары мектепке барып, оқи алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде оқушы саны 600-ден асқан мектептер балаларды қашықтан оқытады.

Хромтау қаласында 4, Алғада 4, Шалқарда 6, Қандыағаш пен Ембіде 6, Ақтөбе қаласында 61 мектеп тізімге алынған. Ал аудандарда бұл шектеу жоқ. Сонымен бірге вакцинаның екі компонентін де салдырған оқушы ата-ана рұқсатымен және студент дәстүрлі форматта оқи алады.
«1-2 сынып оқушылары үшін мектеп әкімшілігі шешім қабылдайды. Негізі мектепке барғаны жөн. Себебі өткен жылы басталған шектеу балалардың білім алуына кері әсерін тигізді. Қазір екінші сыныпта оқып жүрген балалар жүргізіп оқи алмайды, тіпті әріп танымайтындары бар. Сонымен бірге 3-5 сыныпта кезекші сыныптар ашылады. Себебі бастауыштағы білім өте маңызды екені белгілі. Қазіргі кезде онлайн форматта білім беру үшін қажетті компьютер қайта таратылып жатыр. Ата-аналар сынып жетекшісіне хабарласса болады»,-деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Соңғы жаңалықтар