+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Ақтөбеде вакцина салдыратындар көбейді

2021 жылғы 25 шілде 00:08
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде вакцина салдыратындар көбейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде вакцина салдыратындар көбейді. Күніне 2500-3000 адам екпе қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда осы айда 750 мың доза QazVac жеткізіледі Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты

Ақтөбе облысы бойынша барлық емдеу орындарындағы вакцинациялау пункттері жұмыс күндері сағат 8:00-20:00, ал сенбі және жексенбі күндері 9:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Қазір Орталық базар, ірі екі супермаркет пен сауда-ойын-сауық орталығында жылжымалы вакцинациялау пункті бар. ҚазАқпарат тілшісі қаладағы бірнеше емханаға барып, тұрғындардың пікірін тыңдады.

«№3 Ақтөбе қалалық емханасында 10 мыңға жуық адам бірінші, 6 мыңнан астам адам екі компонентті қабылдады. Орта есеппен күніне 200 адам келеді. Адамдардың сенімі бар, олар келіп, дәрігерлермен ақылдасып, вакцина салдыруға шешім қабылдайды»,- деді емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ағиба Мажекенова.
Ал қаладағы № 6 емханаға жұмысшылармен қатар жастар жиі келеді.

«Алғашқы кезде вакцина алуға қорықтым. Ел арасында беймәлім ақпарат көп. Достарым, таныстарым алып жатыр әрі жұмыста да талап қойылды. Өзім облыстық филармонияда еңбек ететін. Әріптестерім де вакцина салдырып жатыр. Шынымды айтсам, ұтысқа қатысу үшін емес, денсаулығыма алаңдап келдім. Бұқаралық ақпарат құралдарынан қазір дертке шалдыққандардың көбейгенін біліп отырмын»,- деді қала тұрғыны Айбат Мақашев.

Мұнда да вакцина салдыратындар күрт өсті. Көбі ұжым болып қабылдауды жөн көрген. Отбасымен бірге келетіндер де бар.

«Вакцинация ақпан айында басталды. Алдымен медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдады. Қазір адамдар белсенді. Күніне 100-ден астам адам келіп, шешім қабылдап жатыр. Ауырып, жағдайы күрт нашарлаған кез тіркелген емес. Отбасымен келді, кейбірі алдымен өзі салдырып, кейін ата-анасын ертіп әкелді. Студенттер де келіп жатыр. Зейнеткер, созылмалы ауруы бар адамдар да қалыс қалмады. Бізде 38 мыңнан астам адам тіркелген. Оның 11 мыңнан астамы бала. Қазір бізде 8800-і бірінші дозаны, 5500-і екі компонентті де қабылдады,- деді Алғашқы санитарлық медициналық көмек бөлімінің меңгерушісі Ақгүл Асылбекқызы.

Айта кетейік, облыста 213 адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Оның 121-і екі дозасын да салдырды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT