Ақтөбеде вагондардың рельстен шығуынан кешіккен жолаушылар өтемақы ала алады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін, сағат 18:34-те Ақтөбенің Қарауылкелді - №142 разъезі аралығында теміржол қатынасы қайта қалпына келтірілді.

Жүк вагондарының рельстен шығуы кезінде тіркелген ақау толық жөнделді. Бұл туралы «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облысының Байғанин ауданы территориясында №142 разъезде бүгін таңертең 12 вагон рельстен шығып кеткен болатын . Теміржолдағы ақауды жою үшін Қандыағаш, Мақат стансысындағы қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

null  

Қазіргі уақытта жол ашылды.

Төтенше жағдай кезінде жарты жолда қалып қойған жолаушыларға барлық жағдай жасалды. Оларға ыстық тамақ беріліп, Ақтөбе қаласына жету үшін көлікке отырғызылды.

Жолаушылар ҚР «Темір жол көлігі туралы» Заңына және Темір жол көлігі арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесіне сәйкес өтемақы ала алады.

null

Соңғы жаңалықтар