Ақтөбеде үздік мұғалім 2 миллион теңге сыйақы алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұстаздарға 50-100 мың теңге көлемінде сыйлық берілді. Ал республикалық байқау жеңімпаздары 2 миллион теңге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облысының ұстаздары төл мерекесін атап өтті. Өнер орталығына білім беру ісінің ардагері, мектеп мұғалімдері жиналды. Ұстаздарды төл мерекесімен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Дүниеде ең қадірлі, қасиетті мамандықтардың бірі -мұғалім. Олар болашақты, президент, ғалым, әкім, министрді тәрбиелейді. Адамның адам болуы ұстаздың тәрбиесіне, берген біліміне байланысты. Жыл сайын бюджеттің 40 пайызы білім саласына бөлініп келеді. Тек биыл 26 мектеп құрылысы жүрді. Соның 15-і биыл пайдалануға берілді. Жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері пайдалануға беріліп, аудан, ауылда жақсы оқитын балалар демалып, білім алады. Сол лагерьде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы 15-20 пайыз көп болады. Әрі мүмкіндігі шектеулі балалардың демалып, сауықтыру үшін «Күншуақ» балалар лагері ашылды. Бір аптадан кейін Ақтөбе қаласында тағы сауықтыру орталығы пайдалануға беріледі. Ақтөбе балалары халықаралық, республикалық олимпиаданың жеңімпазы болып жүр. Бұл ұстаздардың еңбегі»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ұстаздар күні «Үздік педагог-2018» байқауының республикалық кезеңі кезінде жеңімпаз атанған Орынбасар Саржанов, Гүлназ Мыңжасарова, Гүлсім Қаражанова, Ботагөз Қыдырбаева, Алмагүл Мукашева аталып өтті. Олар республикалық байқау кезінде 2 миллион теңге сыйақыға ие болды.

Айта кетейік, мереке күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Шолпан Каринова келіп, ұстаздарды құттықтады. Кейін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын» табыс етті. Ал 28 мұғалімге алғыс хат берілді. «Үздік педагог-2018» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған ұстаздарға алғыс хат пен 100 мың теңге сыйлық берілді. Тағы 22 мұғалім 50 мың теңге алды.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар