+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр

2021 жылғы 20 қыркүйек 22:25
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мониторинг топ үйлену тойы мен сауық кешін тоқтатып, шақырылған қонақтарды таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жандарбек Бекшин неге тойға бармайтынын түсіндірді Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады

Ақтөбе облысы бойынша мониторинг топтар мен жергілікті полиция қызметінен түскен материалдар негізінде 86 миллион теңгеге 854 айыппұл салынды. Оның ішінде карантин шектеуін бұзған қоғамдық тамақтану орындары 31 миллион теңге айыппұл төледі. 16-19 қыркүйек аралығында мониторингтік топтардың рейдтік іс-шаралары барысында 20 карантин режимін бұзу фактісі анықталды.

«Колизей», «Екі Жүрек», «Гранд Холл», «Алаша» мейрамханаларында салтанатты шара, сонымен қатар Green Land демалыс базасында Forty Four түнгі клубының ұйымдастыруымен сауық кеші болып жатқаны анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен салтанатты іс-шаралар тоқтатып, таратты. Барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді. Шектеу іс-шараларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы мониторинг топ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT