Ақтөбеде үстінен 45 қызметкер шағымданған бас дәрігер қатаң сөгіс алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Есмағамбетовке қатаң сөгіс жарияланды. Оның үстінен 45 адам арыз жазған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Есмағамбетовтің жұмысына сын айтқан 45 адамның арызы қаралды. Тексеруден соң бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.

«Арыз түсіп, арнайы комиссия құрылды. Шағымда көрсетілгендей, қаржыны мақсатсыз жұмсау дерегі анықталмады. Бірақ бірқатар кемшілік бар. Сондықтан бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды. Егер тағы бір заңсыздық анықталса, орнын босатады», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің «Адалдық алаңында» өткен жиыннан тікелей эфир әлеуметтік желіде көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар