+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды

2019 жылғы 20 тамыз 16:06
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 3 жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 21:50-де болған. 3 жас 5 айлық бала Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасына ес-түзсіз жеткізілген.

«Дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне апарып, құтқару жұмыстарын жүргізді, өкінішке орай балана аман алып қала алмады. Диагнозы – ашық бас-ми жарақаты. Баланың басына қатты зақым келген. Бас сүйегінің негізгі бөлігі сынған. Кеуде тұсындағы сүйек сынып, өкпесіне қан құйылған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлерге анасы баланың үстіне теледидар құлап кеткенін айтып берген. Баланың өлімі тіркелген соң сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Ақтөбе облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT