+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ақтөбеде ұшқыштар экстремалды жағдайдан аман шығу жолын үйренді

2020 жылғы 21 ақпан 07:34
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде ұшқыштар экстремалды жағдайдан аман шығу жолын үйренді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жас ұшқыштары экстремалды жағдайда тірі қалуды үйренді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экипаж командирі және команда әуе кемесін апатты жағдайда немесе қажет болған кезде тастап кетуі мүмкін. Сол шақта бейтаныс жерді бағдарлай білу, қолда бар құралдардан уақытша қорғанатын пана жасау, от жағып, тамақ табу, су жылыту және жарақаттанған экипаж мүшелеріне алғашқы көмек көрсету қажет.


«Борис Полевой тірі қалудың таңқаларлық үлгісін «Нағыз адам туралы аңыз» кітабында бейнелеген. Басты кейіпкер - Кеңес Одағының батыры Алексей Маресьев. Ол — барлық ұшқыштар үшін батырлық пен төзімділіктің үлгісі.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 30 метрлік биіктен құлаған Алексей Маресьевтің екі аяғы сынған. Ол жақын маңдағы елдімекенге жету үшін 18 күн бойы қолда бар азықпен қоректенген. Аңыз ұшқыштың өмірі — әрбір жас ұшқышқа үлгі», - деді Әуе қорғанысы күштері әскери институты бастығының орынбасары Асқар Ізбасов.

Оның айтуынша, ұшқыш ұшақтың ақауын байқағанда сасқалақтамау қажет. Экипаж әуеде болғанда координаттары, бағыты, биіктігі және жылдамдығы туралы сигнал беріледі. Осы мәліметтер бойынша әуе кемесінің құлайтын аумағын болжауға мүмкіндік бар. Бұл іздестіру-құтқару командасының тапсырмасын жеңілдетеді. Ұшақты немесе тікұшақты тастап кетерде экипаж мүшелері көзбен шолу арқылы үнемі бақылау жүргізеді. Жерге түскеннен кейін жиналып, түтінді бағдарға алып, апат орнына барады. Әуе кемесінің жанында міндеттерін бөледі, жерді шолып шығады.


«Тірі қалу сабақтарында нұсқаушылардан жас ұшқыштар ыдыссыз су қайнату, суды дәрінің көмегімен тұщыту жолын үйренді. Қардан, мұздан және парашюттен пана құрастыруды, жабайы аңдарды аулауға арналған тұзақ құрып, алғашқы көмек көрсету әдісін меңгерді. Батыс өңірінің климаттық жағдайларын ескере отырып, жергілікті мекенді бағдарлай білу маңыздылығына тоқталды. Осы тақырыпта дәрісті аға ұшқыш, нұсқаушы Талғат Құлжанов оқыды. Ол Ақтөбе облысының ерекше табиғи құбылыстары туралы, желдің бағыттары мен температураның күрт өзгеруі жайын айтып берді. Сабақ соңында майор Талғат Құлжанов қарапайым инеден компас жасау лайфхагін көрсетті», - деп хабарлады әскери институттың баспасөз қызметі.


Әуе қорғанысы күштері әскери институтында тірі қалу сабақтары жыл сайын өткізіледі. Бұл тақырып авиация мамандары үшін әр кезде өзекті болып қала бермек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Әскер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT