Ақтөбеде үш күн бойы хабарсыз кеткен жасөспірім табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде полиция қызметкерлері үш күн бойы жасөспірімді іздеп, таба алмады. Ал 17 жастағы ақтөбелік бірнеше күннен соң үйіне өзі оралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны 17 жастағы інісінің үйден кетіп қалғанын, бес күннен бері хабар ала алмағанын айтып, көмек сұраған. Кейін полиция қызметкерлері үш күн бойы іздеу жұмысын жүргізді.

«Курстастарынан, таныстарынан сұрадық. Жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар патрульдік полиция нарядтарына берілді. Үш күннен кейін 17 жастағы жасөспірім үйіне қайтып оралған. Ол достарының үйіне барғанын, туыстарына ескертуді мүлдем ұмытып кеткенін айтты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, биыл балалардың жоғалғаны туралы 112 хабарлама түсті. Олардың бәрі аман-есен ата-анасына тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар