USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті

2021 жылғы 3 желтоқсан 11:52
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілер мен жолаушылар ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде коменданттық сағат талабын бұзған 81 адам ұсталды Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды Қостанай облысында блокпосттардың бірінде жол-көлік оқиғасы болды

Оқиға 2 желтоқсан күні сағат 10:02-де тіркелді. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласынан Ақтөбеге жол тартып, Ақжар ауылы маңында қарама-қарсы келе жатқан «ВАЗ-2107» көлігімен соқтығысады. Іле-шала «Daewoo Nexia» көлігі бағытын өзгертіп, «DAF XF» маркалы жүк көлігімен де соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктердің жүргізушілері және екі жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Басып озу маневрі кезінде автокөлік жүргізушісі жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтіндігіне назар аударуы қажет. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғал ды», - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT