Ақтөбеде үш баланың анасы асулы күйінде табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 33 жастағы әйел асулы күйінде табылды. Полиция мәліметінше, ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, кешірім сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 наурыз күні таңертең «Волга» гараж кооперативінің артынан 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынының мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізу барысында дене жарақаттары мен зорлық-зомбылық белгілері анықталмадын. Сондай-ақ, марқұм өзіне қол жұмсар алдында әлеуметтік желідегі парақшасында хат жазып, туыстарынан кешірім сұраған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар