Ақтөбеде үш аптадан бері жас жігіт іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны Батырхан Ғалиақбар үйінен шығып кетіп, оралмаған. Полиция жас жігітті үш аптадан бері таба алар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны Батырхан Ғалиақбар 16 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен. Екі күн бойы жан-жаққа хабар беріп, өз күштерімен іздеу жұмыстарын жүргізген туыстары 19 қыркүйекте полицияға арыз жазды. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу жүріп жатыр.

«Інім Батырхан Ғалиақбар бұған дейін біздерге хабар бермей үйден кеткен емес. Ол дені сау бала болатын. Әскер қатарына алынып, Астана қаласында Отан алындағы борышын өтеген кезде басынан жарақат алған. Медициналық қорытындысы да бар. Жазда ғана үйіне оралды, көктемде қандай ауруы шығатынын білмейміз. Қазір полиция іздеп жатыр. Бірақ еш хабар болмады. Інім үйленген жоқ, әскер қатарына кеш барды», - деді жоғалған жігіттің ағасы Дәурен Ниязов.

Айта кетейік, Батырхан Ғалиақбар ақ күртеше, джинсы шалбар киген. Ол телефоны мен құжаттарын үйіне қалдырып кеткен.

«Інім әлсіз жігіт емес. Ол жауапкершілігі бар адам, үнемі қайда жүргенін хабарлап отыратын еді. Қазір қайдан іздерімізді білмей отырмыз»,- деді Дәурен Ниязов. 

Соңғы жаңалықтар