Ақтөбеде ұрылар пәтердің есігі мен терезесін оңай ашып кіреді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде пәтер тонау, көліктің аккумуляторын, бағалы заттарды ұрлау дерегі жиі тіркеледі. Бұл туралы бүгін тұрғындармен кездескен қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Бағланбек Құрманалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы төрт бөлімшеде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Қала тұрғындары полиция қызметкерлерімен кездесіп, өздерін мазалаған сұрақтарды қойды.

«Сазды полиция бөлімінде 7500-ден астам қылмыс тіркеліп тұр. Көбі - пәтер тонау, қалта ұрлығы. Қала бойынша қазір 500-ден астам пәтердің тоналғаны анықталды. Бұл қылмыстың көбі ашылмай тұр. Қазіргі кезде 5 ұрылар тобы ұсталды. Кейбірі18 эпизод бойынша жауапты. Пәтер тонау дерегінің көбеюіне адамдардың таңертең кетіп, жұмыстан кешке келуі себеп. Осы аралықта үйде ешкім болмайды. Ұрылар үйдің есігін қағып, қоңырауын басып, жауап болмаған соң Қытайда жасалған есіктерді кілтімен ашады. Қазір пластикалық терезені ашу да қиын емес. Жедел уәкілдердің көбі осы бағыттағы қылмысты ашуға бағытталған»,- деді Ақтөбе қалалық ІІБ бастығы Бағланбек Құрманалин.

Айта кетейік, Ақтөбеде көлік айнасын ұрлау дерегі тіркелмеді. Көбіне аккумуляторын шешіп алып, көлік ішіндегі сөмкелерді ұрлап кетеді. Қазіргі кезде полиция тұрғын үйлердегі зейнеткерлерге өтініш жасады. Себебі, көршілер сақ болса, ұрлықшыларды ұстау оңай.

«Көршілердің еңбегі зор. Олар сақ отырып, полицияға хабар береді. Тәжірибеде пәтер тонау дерегін уақытылы хабарлап, ұрлық жасаушылар дер кезінде ұсталды. Ал хабарлама берген қариялар сыйақы алды»,- деді Бағланбек Құрманалин.

 

 

Соңғы жаңалықтар