Ақтөбеде ұрлыққа түскен күдікті иісшіл иттің көмегімен ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ұрлыққа түсіп, алтын әшекейлерді алып кеткен күдікті иісшіл иттің көмегімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы Әкімжанов көшесіндегі үйлердің бірініне белгісіз біреу ұрлыққа түсті.

Полиция іздестіру кезінде 24 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шығынның жалпы көлемі - 800 мың теңге.

«Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу басталды. Бұл қылмыс иісшіл иттің көмегімен ашылды. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 453 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 238-і ашылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтықты күшейтуді сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар