Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Мемлекет басшысының жаңажылдық құттықтауы табысталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының аудандарында Қазақстан Президентінің Ұлы Отан соғысының ардагерлерін жалпыұлттық қолдау акциясының аясында Мемлекет басшысының атаулы құттықтауларын жеткізу жалғастырылуда.

Жақында Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров соғысқа қатысқан бес ардагер - Жүкес Биязбаев, Ғизат Тохтабаев, Иса Ешмұратов, Александр Саратоцев және Михаил Диденконың үйлеріне барды. Ерхан Болатжанұлы Ұлы Отан соғысының қатысушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға Мемлекет басшысының құттықтауы мен сыйлықтарын - азық-түліктің мерекелік жиынтығы бар себеттерді табыстады.

«Келе жатқан 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Ардагер жылы мерекеленеді. Біздің Елбасы ардагерлерге үлкен көңіл бөліп, оларға адамдардың қамқорлығы мен түсіністігі қаншалықты қымбат екенін түсінеді», - деді қала әкімі. Ардагерлер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа көңіл бөліп, қолдау әрі қамқорлық көрсетіп отырғаны үшін дән ризашылықтарын білдіріп өтті.

Бүгінде Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғының 180 ардагері бар, соның ішінде 138 Ақтөбе қаласында тұрады.

Соңғы жаңалықтар