Ақтөбеде «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе сахнасында жыршы-термеші Алмас Алматов, Жәкен Омаров, әнші өнерінің Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, күйші Батыржан Мықтыбаев өнер көрсетті.

«Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі партияның 20 жылдығына орай «Зиялы қауыммен жұмыс» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Фестивалдің өскелең ұрпақ үшін рухани-адамгершілік мәні зор. Іс-шара жыл басында Семейден, ұлы Абайдың отанынан басталды. Содан кейін Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларында өтті» - деді «Nur Оtan» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры Ғалымжан Өтелбайұлы.

Оның айтуынша, партия домбыра мен қобыз әуендерін әлемдік деңгейдегі сахналарда кеңінен насихаттап, жоғары деңгейге көтеруді мақсат етті.

Ақтөбеде жыр өнері жақсы дамыған. Фестиваль кезінде қоғам қайраткері, мәдениет саласының ардагері Еркін Құрманбеков Қобыланды батыр және қазақ халқының басқа да тамаша ұлдары туралы музыкалық шығарма қалдырған Нұрпейіс Байғанинді еске алу жеткілікті екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, фестивальді қаңтардан бастап, айына екі облыс орталығында ұйымдастыру жоспарланды. Фестиваль Семей, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Орал қалаларында да өтті.

Соңғы жаңалықтар