Ақтөбеде үкіметтік емес ұйым өкілдері сайлау туралы заңдағы өзгерістерді талқылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Саулауда партиялық емес бақылау жүргізу үшін 2 мыңнан астам байқаушы біліктілігін жетілдірді. Облыстық штаб «Сайлау туралы» Заңдағы өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша партиялық емес бақылау жүргізетін облыстық штаб бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңы бойынша өзгертулерді талқылады. Облыстық штабтың басшысы Ерәділ Уббиниязов пен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер Артем Коняхин үкіметтік емес ұйым байқаушыларына 2020 жылдың 4 желтоқсаны күнгі жаңашылдықтарды түсіндірді.

«Саяси партия, қоғамдық ұйым, үкіметтік емес ұйым атынан байқаушы болуы үшін алдымен ресми тіркелуі шарт. Әділет департаментінде үш күшде тіркеуге мүмкіндік болды. Сонымен бірге дауыс беру күні фото, аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру үшін бірқатар талап қойылды. Байқаушылаушылар дауыс беру және оның қорытындысын шығару кезінде кедергі келтірмей, фото-виедоға түсіріп, аудио жаза алады. Тек дауыс беру кезінде құпиялылық сақтауы, адамдардан жазбаша рұқсат алуы керек. Әрі сайлау учаскелерінен тікелей эфирге шығуға тыйым салынған. Байқаушы жазбаларын тек азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдеме ретінде пайдалана алады», - деді Артем Коняхин.

Ақтөбе облысы бойынша партиялық емес байқаушылар сақадай сай. Қазіргі кезде 2 мыңнан астам адам бар. Облыс орталығында ғана емес, аудандардағы әр сайлау учаскесінде бақылау жүргізеді.

«Санитарлық талап сақталуы тиіс. Арақашықтықты сақтау, маска тағу, антисептик қолдану маңызды. Біз жан-жақты дайын отырмыз. Байқаушылар өзге әріптестері заң бұзса акт толтырып, тіркеуге де құқылы», - деді Ерәділ Уббиниязов.


Соңғы жаңалықтар