Ақтөбеде тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қос маманы парамен ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының екі маманы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасындағы эпидемиология бөлімінің бас маманы мен жетекші маманы пара алу кезінде ұсталды. Бұл деректі облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева растады.

«Екі маман да жұмыста жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ біз оқиғаның қалай болғанын айта алмаймыз. Қолымызда ешқандай да құжат жоқ»,- деді Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, өткен жылы кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіліп, Ақтөбе облысы бойынша санитар-эпидемиолог мамандар пара алушылар тізімінің көшін бастаған болатын. Сол кезде облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева соңғы үш жылда парақорлыққа байланысты істің тіркелмегенін мәлімдеді. Тіпті, пара алу дерегіне қатысты айыптаудан соң тексеру жүргізіліп, білім және медицина саласына салынған айыппұлдар қызметкерлерден жиналатынын анықтаған екен.  

Соңғы жаңалықтар