Ақтөбеде тұрмыстық несиені өтей алмаған 55 мың адамның өсімақысы кешірілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер несиенің өсімақысы өтелгені туралы смс хабарлама ала бастады. Қазіргі кезде әлеуметтік жағынан қорғалған адамдардың 4,6 миллиард теңгесі өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе тұрғындары несиенің белгілі бір бөлігі өтелгенін SMS хабарлама арқылы біліп отыр. Мәселен, тұрмыстық, кепілсіз несие алған 25 мың адамның 4,6 миллиард теңгесі өтелді. Қарызы өтелетін адамдар санатына көпбалалы, асыраушысынан айырылып, төлем алып отырған отбасы, мүгедек бала асырап отырғандар, 18 жастан асқан мүгедектерді бағатындар мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар кіреді.

«Сонымен қатар тұрмыстық несие алған кез келген азаматтың айыппұлы, өсімақысы кешірілді. Қазіргі кезде Ақтөбе облысы бойынша 55 мың адамның 1,3 миллиард теңгесі шегерілді. Екі жағдайда да банкке, басқа мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Бәрі орталықтандырылған, банктер өз клиенттеріне SMS жіберіп жатыр», - деді ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Данат Сейілов.

Несиені өтеу туралы білу үшін банкке барудың қажеті жоқ. Тек күту қажет. Егер отбасындағы анасының қарызы өтеліп, әкесінікі сол сол күйі қалса, АХАЖ бөліміне немесе ХҚКО бару керек.

«Мәжілісте «Банк және банк қызметі туралы» заң жобасы жатыр. Алдағы уақытта табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдарға несие берілмейді. Сонымен қатар несие төленбей қалған кезде өсімақы қосу тек 90 күнмен шектеледі. Сол 90 күннен соң ешқандай өсімақы есептелмейді», - деді Данат Сейілов.



Соңғы жаңалықтар