Ақтөбеде тұрғын үйден өрт шығып, 3 адам уланып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрғын үйде электр тогынан шыққан өрт пәтерге ұласты. Өрт кезінде 25 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 ақпан күні Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар қызметіне 9 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алдымен электр тогынан өрт шығып, үшінші қабаттағы пәтерге ұласты. Барлығы 38 адам эвакуацияланса, оның 9-ы бала. Төтенше жағдайлар қызметі 25 адамды құтқарды. Үш адам улы газға тұншығып, ауруханаға жеткізілді.

«Полиция қызметкерлері Айдын Ырзалиев, Дастан Орынбасаров, Әихан Қалиев кезекшілік кезінде №41 тұрғын үйден түтін шыққанан көрді. Олар бірден өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды далаға шығарды. Кішкентай балаларды көрпеге орап, жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге тура келген. Түтін қоюланған кезде подъездің терезесін сырдырып, барынша көмек көрсетті. Қарттарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды арқалап төмен түсірді», - облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар