Ақтөбеде тұрғын үй қатынастарына жауапты шенеунік қамауға алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық мамандандырылған тергеу сотында бүгін қамауға алу жөнінде санкция берді. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілікті.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Жанаргүл Дүйсекенова 2015-2018 жылдары аралығында 30-тан астам адамның сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алып беремін деп алдаған. Қазіргі уақытта соталды тергеуіне үш жәбірленуші қатысты. Олар қалалық әкімдікте пәтер алу кезегінде тұрған және кезегін жылжытуға ақша берген. Көбі шенеунік сұраған ақшаны тауып беру үшін несие алған екен.

«Соталды тергеуінің хабарлауымен Дүйсекенованың мемлекеттік қызметкер бола тұра Г.Нұрмұхановамен келісіп, бөтеннің мүлкін жымқыру, сыйақыға мемлекеттік бағдарламамен үй алып беруге уағдаласып, күдікке ілікті. 2015 жылдың 8 мамыры күні Мұхтаровадан 1 миллион 80 мың теңге, 2017 жылдың маусымында Қошановадан 2 миллион 100 мың теңге, 2017 жылдың қараша айында Исановадан 1 миллион 200 мың теңге алған. Ақшаны өзара бөліскен. Дәл осындай тағы 35 эпизод бар. Шығын 100 миллион теңгені құрап отыр. Прокурор сот отырысында Ж.Дүйсекенованың жемқорлық фактісі бойынша күдікке іліккенін айтып, оны қамауда қалдыруды сұрады», - деді судья Мақсат Дүйсен.

Тергеу соты тергеушінің өтінішхатын қабылдап, күдікті Жанаргүл Дүйсекенованы екі ай қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Ол енді тергеу аяқталғанша изоляторда отырады.
null

Соңғы жаңалықтар