Ақтөбеде тұрақтандыру қорында екі айға жететін азық-түлік бар

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы азық-түлік 1-2 айға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде арнайы штаб өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың сұрағына жауап беріп жатыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 32 азық-түлік түрінің 23-і өңірде өндіріледі. Тек жарманың 5 түрі, күріш, қант, тұз, шай басқа өңірден тасымалданады. Ішінара импорт.

«Облыстың тұрақтандыру қорында 19 түрлі азық-түлік тауарының қоры жеткілікті. Ірі сауда орындарымен келісім жасалған. Карантиндік жағдайда үйге тарату жұмыстары ұйымдастырылады. Бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорының тауарлары коммуналдық және әлеуметтік павильондарда арзан бағамен сатылып жатыр. Бағаны ұстап тұруға және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бірқатар меморандум жасалды. Яғни, 500-ден астам келісім бар», - деді Н.Қалауов.


Соңғы жаңалықтар