Ақтөбеде түнде қыдырып жүрген балалары үшін ата-аналары айыппұл төледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Жасөспірім» рейді өтті. 200-ден астам бала ішкі істер бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде рейд жүрді. Жыл басынан бері 277 бала ішкі істер бөліміне жеткізілді. Оның 252-нің жанында заңды өкілі болмаған. Түн ішінде қыдырып жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды.

«Кәмелетке толмаған баласын бақылаусыз жібергені үшін 23 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. 40 жасөспірім және 38 жайсыз отбасы ішкі істер бөлімінің есебіне алынды. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерісті уақытылы байқау керек. Ескерусіз қалса құқық бұзушылық пен қылмысқа ұрындыруы мүмкін», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекші Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар