Ақтөбеде «Туған жер» форумы басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Туған жер» республикалық форумы басталды. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің әр түкпірінде жүрген ақтөбеліктер туған жерге жиналды. Еліміздің әр өңірінде жүрген танымал азаматтар да Ақтөбеге келді. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова өскен өлкеге жиналған ақтөбеліктерді құттықтап, ел ішінде атқарылып жатқан істерге тоқталды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртатын ауқымды істерге жол ашып берді. Рухани жаңғыру - Қазақстанның мүлдем жаңа сипаттағы буынын қалыптастыратын бірегей жоба. Әрбір отандасымыз заман талабына сай алты қасиетке ие болуы керек. Ұлы дала елінің азаматтары бәсекеге қабілетті, прагматик, білімді, эвалюциялық дамуды жақтайтын, ашық, саналы ұрпақ болуы керек. Бұл ел-жұртымыздың мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлтқа айналуына, Қазақстанның әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосылуына тікелей ықпал жасайды деп білеміз», - деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова.

Еске салсақ, форумға еліміздегі бірқатар министрлік өкілдері мен облыс әкімдері қатысты. Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбеде атқарылып жатқан істермен танысу мақсатында келді. Мұндай ауқымды шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Ақтөбеге әлемнің 21 елінен 300-ден астам адам келді. Олар форум кезінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынып жатқан «Жұбановтар әлемі» орталығымен танысады. Мұнда ағайынды Жұбановтардың жеке заттары мен туындылары сақталады.

«Елімізде туған жеріне қамқорлық көрсетіп жүрген адамдар бар. Ақтөбеліктер арасынан «Жұбановтар әлемі» орталығының құрылысын жүргізіп жатқан кәсіпкер Қайрат Мәйтековті атап өтеуге болады. Ол 300 миллион теңге қаржы бөлді. Сонымен қатар, кәсіпкер Глеб Щегельский «Хоккей модулін», «Алтын Қыран» тобының құрылтайшысы Исламбек Салжанов Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейін салып жатыр. Бұл өте ауқымды жұмыс», - деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова.

Форум қонақтары Денсаулық саябағын қарайды. Бұл саябақ елімізде денсаулық сақтау қызметкерлерінің өз ұсынысымен ашылған ең алғашқы саябақ. Мұнда 1500 түп ағаш отырғызылып, футбол алаңы, үстел теннисі салынды. Веложол да бар.

null

Соңғы жаңалықтар