+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбеде трактор аударылып қалды

2021 жылғы 21 қыркүйек 13:28
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде трактор аударылып қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, трактор аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Перуде шағын автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты Қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады – Бейбіт Атамқұлов Ыстанбұлдағы құйынды дауыл: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Оқиға «Самара –Шымкент» тасжолында болды. «МТЗ-80» тракторының 51 жастағы жүргізушісі негізгі жолға шығу кезінде көлікке жол бермеді. Салдарынан Қобда ауданы Әлия ауылының 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Lada-21154» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Медициналық сараптамадан соң 51 жастағы трактор жүргізушісінің мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ ол биыл мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Осыған қарамастан рульге отырып, жол ережесін бұзған. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT