Ақтөбеде «Toyota Land Cruiser» көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 13-тамыз күні сағат 17:20-да «Покровка-Жаңажол» тас жолында тіркелді. «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында келе жатып, рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан жолдың оң жақ бөлігіне аударылған.

«Автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар