Ақтөбеде той жасаған тұрғын жазаланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы той өткізіп, еске алу шарасын ұйымдастырғандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері 5 шілдеден бастап карантин талабының орындалуын бақылау мақсатында рейдке шықты. Тексеру нәтижесінде полицейлер ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 316 заң бұзушылықты анықтады. Салтанатты және еске алу шарасын өткізген 24 факті тіркелді. Оның ішінде демалыс аймағында үйлену тойын өткізгендер жазаланды.

«Дүкен, дәмхана, монша, шаштараз бен сұлулық салондарына қатысты 300-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Кәсіпкерлік субьектілері карантин режимін сақтамады, санитария талабын ескермеді. Мысалы, 2 тамызда учаскелік полиция инспекторы Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың бірі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істегенін тіркеді. Іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментіне шара қабылдау үшін жіберілді.
Полиция департаменті ақтөбеліктерді карантин режимін сақтауға, бұқаралық іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға, сондай-ақ қоғамдық, адам көп жиналатын орындарға барған кезде қажетті қорғану құралдарының барлығын қолдануға шақырады»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар