Ақтөбеде той кезінде мылтық атқан жастардан қару тәркіленді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде той кезінде аспанға мылтық атып, бір-бірін қолдаған жастардан қару тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының жастары той кезіндегі серуенде қарудан оқ атқан бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Көптің талқысына түскен көріністен соң тергеу басталып, 22 жастағы ауыл тұрғынынан қару тәркіленді.

«Шалқар қаласындағы Әйтеке би көшесі көл жағасында орналасқан. Жастар үйлену тойы кезінде көл жағасына аялдап, аңшы мылтығынан оқ атқан. Осы оқиға бойынша Шалқар аудандық Ішкі істер бөлімі ҚР ҚК-нің 287-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, яғни, «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгін 22 жастағы Шалқар қаласының тұрғынынан 16 калибрлі «ИЖ-К» маркалы аңшы мылтығы заттай айғақ ретінде алынды. Аңшы мылтығына сот-баллистикалық сараптама тағайындалды»,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар