+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

2018 жылғы 19 қараша 11:40
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.

«15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, олардың тұрғылықты мекенжайларынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс
іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.

17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT