Ақтөбеде теміржол бойында селфи жасаған студент қыз мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде селфи жасап, теміржол бойында суретке түскен қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 желтоқсан күні болған. Сағат сағат 23:00 шамасында Әуе қалашығы ауданындағы теміржол бойынша екі қыз селфи жасап, суретке түскен.

«Екі қыз келе жатқан пойыздың фонында, селфи жасаған. Сол кезде қыздардың бірін пойыз қағып кетті. Зардап шегуші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, сол жерде бүгін таңертең көз жұмды. Осыған байланысты полиция департаменті жаяу жүргіншілерді теміржол маңында, автожолдарда сақ болуды ескертеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қараша айында Ақтөбе облысының жолдарында 43 жаяу жүргінші зардап шекті, оның алтауы қаза болды. Жыл басынан бері жол-көлік апатынан 17 адам көз жұмған.

«Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жаяу жүргіншілер тасжолды кесіп өтер кезде көліктің бағыты мен жылдамдығын қарап, тоқтаған кезде ғана қозғалуы тиіс. Бүгінгі күні облыс полицейлері белгіленбеген жерден өткен 14 мыңнан астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 мың адамға көп», - деді Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар