Ақтөбеде тексеру комиссиясы өзгенің есебінен ас ішкен

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тексеру комиссиясы өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы іс-сапарлық тексерулер кезінде қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланбау туралы қатаң ескерткен болатын. Алайда мемлекеттік қызметкерлерге бұл ескерту тоқтау болмай тұр.

"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі 10 маусымда Ақтөбе облысының Ойыл ауылдық округіне барды. Бақылау барысында облыс орталығынан барған тексеру комиссиясы қызметкерлерінің жеті мүшесі 27 мамыр мен 5 шілде аралығында Ойыл ауданына аудиторлық тексеру жүргізген. Сол кезде Ойыл ауандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөліміне қарасты Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-интернаттың ғимаратына қоныстанған болып шықты.

"Тексеру комиссиясының мүшелері үшін 27 мамыр мен 5 шілде аралығында күн сайын 3 549 теңге қаржы төлеу міндеттелген. Қаржыны 1 маусымға дейін аудару қажет болған. Фактіні анықтау барысында ақшаның сол уақытта төленбегені анықталды. Сонымен қатар келісімшарт талабына сәйкес ғимаратты арендаға алу кезінде ақшаны мектеп-интернатқа емес, Ойыл ауылдық округінің әкімдігіне аудару туралы дерек жазылған. Бұл да қате. Әрі видеоматериалда мектеп-интернат жұмысшылары тексеру комиссиясы қызметкерлеріне тамақ әзірлеп, дастархан дайындағанын көреміз. Анықтау кезінде олардың арасында келісімшарт жоқ екені белгілі болды", - "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қоғам белсенділерін бақылауды күшейтуді және аталған фактілермен кездескен жағдайда хабар беруді сұрайды. Ал анықталған деректер құзыреті органдарға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар