+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Ақтөбеде Тәжікстан азаматтары мінген автобус аударылып қалды

2020 жылғы 27 ақпан 01:50
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде Тәжікстан азаматтары мінген автобус аударылып қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Қарабұтақ ауылы маңында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраудан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді Түркістан облысында бірнеше автовокзал уақытша жабылды

26 ақпан күні сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде «Икарус» маркалы автобусы жолдан шығып, аударылып қалды. Шымкент қаласынан Ресейге бағыт алған автобуста Тәжікстан азаматтары болды.

«Автобус салонында 48 адам болды. Оның үшеуі жүргізуші, қалғаны жолаушы. Жолаушылардың бәрі Тәжікстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алған ешкім жоқ. Жолаушыларды патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар қызметі кемпингке жеткізді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол ережелерін сақтауды, жол-метеорологиялық жағдайын ескеруді сұрайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT