Ақтөбеде тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қайырымды істер марафоны басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қайырымды істер марафоны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы шаңғыроллер трассасында «Қайырымды істер марафоны» акциясы ресми түрде басталды.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, атақты спортшылар, тәуелсіздік құрдастары қатысты.

«Былтыр Еріктілер жылының жабылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қайырымды істер» марафонын өткізуді ұсынған болатын. Абайды мысалға келтірді. Ол: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Бұл жай сөздер емес, елді игі істермен береке-бірлікке шақырған зор үндеу деп қабылдауымыз қажет. Сондықтан бүгін Президентіміз көтерген игілікті бастама - «Қайырымды істер» марафонымен тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі кезеңінің шымылдығын ашып отырмыз. Бұған азаматтық сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен барша белсенді азаматтардың қатысуы өте маңызды. Әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде мемлекет – қоғам – бизнес өкілдері арасындағы әріптестікке артылар сенім зор. Мерейлі той жылы біз түрлі саладағы ондаған ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз»,- деген Оңдасын Оразалин көпбалалы және аз тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созған меценаттарға алғысын білдірді.


Қайырымдылық марафоны кезінде мүмкіндігі шектеулі 15 адамға «Шипагер» сауықтыру орталығында емделуге жолдама берілді.

Еріктілер ұйымының басшылары тәуелсіздік құрдастарының атынан жұртшылықтан «Қайырымдылық істері» марафонын қолдауды сұрап, қиын жағдайға тап болған К.Мейрамғалидің отбасына 400 мың теңге көлеміндегі сертификатты табыс етті.

Аталған қаражат осы отбасының басапаналы болуы үшін бастапқы жарна ретінде төленетін болады.
Шарада мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым басшылары, еріктілер, спортшылар шаңғы жарысына қатысты.


Соңғы жаңалықтар