Ақтөбеде тарихи-мәдени 27 ғимарат ерекше қорғауға алынды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы заң бойынша қорғалатын тарихи-мәдени нысандарға талдау жүргізді. Тағы 27 нысан тізімге ірікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылдың басында Ақтөбе қаласында тарихи маңызы бар 9 нысан қорғауда болды.

Дегенмен прокурорлар талдау жасау кезінде мәдени-тарихи құнды ғимарат саны одан да көп екенін анықтады.

Құнды дүниелерді сақтауда салғырттыққа жол беруге болмайды деген тұжырымда прокурорлар.

«Мәдени-тарихи маңызы бар ғимарат дер кезінде қорғауға алынуы керек. Талдау жүргізу кезінде тағы 27-і нысан анықталды. Мәселен Ақтөбе қаласы Алтынсарин көшесіндегі балалар шығармашылық үйі 1913 жылы салынған. Ал Жанқожа батыр көшесіндегі шіркеу 1915 жылы бой көтерген. Қаланың тарихи қалпын сақтауға мүмкіндік беретін тұрғын үйлер Тұрғын үй қалашығы, Әуе қалашығы және қаланың ескі бөлігінде орналасқан»,- деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, талдау кезінде Ақтөбе қаласында археологиялық 168 нысанның құжаты жоқ болып шықты.

Прокурорлар құзырлы органдарға заңсыздықты жою жөнінде ұйғарым берді.

Соңғы жаңалықтар