Ақтөбеде тариф көтеріліп, электрондық билеттендіру жүйесі іске қосылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігі мен негізгі тасымалдаушы - «Автопарк» ЖШС ортақ шешімге келді. Кәсіпорын қажет автобустарды сатып алса, әкімдік тарифтерді қайта қарастыруға келісім берді.  Бұл жөнінде қала әкімі Ілияс Испанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әкімдік «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сотқа беріп, келісімде көрсетілген міндеттерді орындауын талап еткен.

«Сот алты тармақ бойынша шешім шығарды. Тасымалдаушы инвестициялық бағдарламаларды орындауы керек. Сот біздің талапты қанағаттандырып отыр. Дәл қазір «Автопарктің» қуынымын аппеляциялық алқа қарастырып жатыр», - деді И. Испанов.

Бүгінде Ақтөбеде қоғамдық көлікте жүру тарифі 55 теңге.

Ақтөбе қаласына электрондық билеттендіру жүйесін және қоспалы тарифті енгізу жоспарланып отыр. Мұндай жағдайда жол ақысын қолма-қол төлегеннен гөрі карточкамен төлеу әлдеқайда арзан болады.

Әкімнің айтуынша, электрондық билеттендіру жүйесін енгізген бойда азаматтардың жеңілдікпен жүретін санаты үшін жол ақысының шығындарының орнын толтыру мүмкіндігі қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар