Ақтөбеде тағы бірнеше мектепке «бомба қойылды» деген хабарлама түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кешегі дүрбелең тағы қайталанды. Бүгін де «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында кеше 6 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өтпеді. Полиция қызметкерлері мен саперлар жедел қимылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге қылмыстық іс те қозғалды. Алайда бүгін тағы да бірінші кезеңде оқитын балалардың сабағы болмай қалды. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, тағы да «№2, 1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерде бомба бар» деген хабарлама түсіп, іздеу шаралары жүргізілді.
«Кешегі мектептерге сондай мәтінмен ертемен тағы да хат түсті. Тиісті органдарға хабарлама бердік. Тексеру шаралары жүргізілуде»,- деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар