Ақтөбеде тағы бір ауылға газ тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Әйтеке би ауданы Белқопа ауылына газ берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белқопа – биыл газ құбыры тартылып, қолданысқа берілген 15-ші ауыл. Бұған дейін Алға ауданының Еркін күш ауылына көгілдір отын кіргізілді.

«Ең алдымен сіздерді Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құтықтаймын. Осы жылдардың ішінде еліміз түрлі қиындықтарға тап болып, оны тұңғыш президенттің сарабдал саясатының, халықтың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында еңсере алды. Нәтижесінде бүгінде ондаған жылдар бойы күн тәртібінде тұрған әлеуметтік сұрақтар шешіліп жатыр. Соның ішінде, Ақтөбе облысында биыл ауылдарды газдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде және ол жарын да жалғасатын болады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Белқопа ауылын газбен қамтуға бюджеттен 56 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Тоқсан үй мен төрт әлеуметтік нысан көгілдір отынмен қамтылады.
Өңір басшысының жұмыс сапары Аралтоғай ауылдық округінің Қияқты ауылында жалғасты. Мұнда Оңдасын Оразалин негізгі мектептің күрделі жөндеу жұмысын, сонымен қатар, жаңа блокты-модульді су тазарту стансасын қарап шықты. Станса биыл қыркүйек айында пайдалануға берілген. Соның арқасында ауыл тұрғындары залалсыздандырылған су тұтынып отыр.



Соңғы жаңалықтар