Ақтөбеде тағы бір адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өзін нашар сезінген ер адам автобус ішінде есінен танып қалды. Жедел жәрдем шақырылғанымен, ол жеткенше 57 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 қараша күні Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылындағы «Сәке» мейрамханасы жанынан шақыру түсті. Шақыру кезінде адамның ес-түзсіз жатқаны айтылды. Шақыру сағат 07:56-да болды. Сағат 07:58-де жедел жәрдем жіберіліп, олар шақыру орнына 08:10-да барды. Науқас С. Кияшбаев жәдел жәрдем бригадасы жеткінше көз жұмды. Өлімнің себебі белгісіз. Мүрде полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, қазан айында автобус ішінде өзін жайсыз сезінген жолаушы көз жұмған болатын. Ол кезде де жедел жәрдем науқастың тек өлімін тіркеген еді.

 

Соңғы жаңалықтар