Ақтөбеде тағы бір адам суға батып кетті

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 31жастағы жігіттің денесі 6 метр тереңдіктен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 16-шілде күні тіркелді. Сағат 10:45-те облыстық ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік басқару пультіне Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі Сарсай ауылы маңындағы Александровка су қоймасында ер адамның суға кеткені туралы хабар түсті. Ол тыйым салынған жерге суға түскен.

«Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 31 жастағы ер адамның денесі 6 метр тереңдіктен шығарылды. Ақтөбе облысының ТЖ департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға болмайды. Тексерілмеген және жабдықталмаған аумақта сүңгу қауіпті»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбеде құтқарушылар 2 және 4 метр тереңдіктен екі адамның денесін алып шықты. Қайғылы оқиғаның бірі қалада, екіншісі ауылда болды. Қаладағы шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен кезде 27 жастағы ақтөбеліктің жеке жағажайда суға кеткенін анықтады. Оның денесі жағадан 10 метр қашықта 2 метр тереңдіктен шығарылды. Сондай-ақ, Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты Шеңгелші ауылында Жем өзеніне 34 жастағы ер адам батып кетті. Алматы облысы Талдықорған қаласы тұрғынының денесі 4 метр тереңдіктен шығарылды.



Соңғы жаңалықтар