USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақтөбеде Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтті

2021 жылғы 16 қазан 03:04
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтіп, маңғыстаулық Айгүл Құбаш бас жүлдегі жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты ән байқауына барлығы 14 өнерпаз қатысты.

Ал өнер додасында композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, композитор, Т.Досымовтың шәкірті, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі Есенбай Құли, әнші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Әйтімов, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, ақын Бижан Қалмағанбетов қазылық етті.

Бас жүлдені маңғыстаулық Айгүл Құбаш жеңіп алып, 1 миллион теңгеге ие болды.
«Табылды Досымовтың шығармашылығы терең, бөлек, жаныма жақын. Сондықтан шығармаларын орындап жүрмін. Бұл жолы бас жүлде бұйырды. Барлық қатысушы өте жақсы орындап шықты»,- деді Айгүл Құбаш.
Бірінші орынға тігілген 600 мың теңге Атырау облысынан келген өнерпаз Алтынбек Бақтыкереевке бұйырды.

Екінші орынға (400 мың теңге) Асылбековтер отбасылық дуэті (Қызылорда облысы) лайық деп танылды.
Екі үшінші орынды (200 мың теңге) «А-В» дуэті (Ақтөбе қаласы) және Айбек Кахов (БҚО) өзара бөлісті.

Арнайы жүлдемен (150 мың теңге) ақтөбеліктер Алтыбай Сапарбай және Қуан Жаңбырбай марапатталды.

Қалған қатысушыларға диплом және 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT