Ақтөбеде табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы сот алдында жауап береді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары Нұрлан Болатбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары Нұрлан Болатбаевқа алғашында Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану» бабы бойынша айып тағылып, тергеу жүрді. Кейін прокурор «Салғырттық» бабымен қайта қарап, айыптау қорытындысын дайындады. Қазіргі уақытта айыпталушылар іспен танысып жатыр.

«2017 жылдың 28 - қыркүйегі мен 17 - қарашасы аралығында департаменттің басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары Нұрлан Болатбаев өз ісіне салғырт қарап, мемлекет қорғауындағы азаматтар мен мекемелерге шығын келтірді. Атап айтар болсақ, «Ақтөбе жылу-электр орталығы» АҚ-на 214 миллион 866 мың теңге, «Трансэнерго» АҚ-на 428 миллион 135 мың теңге ірі көлемде шығын келді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысы 8 мамырға қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар