Ақтөбеде сыбайлас жемқорлық туралы хабар беретін адамдар көбейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат айтып, сенім телефонына хабар беретін адам көбейді. Биыл оларға 1,3 миллион теңге ынталандыру қаржысы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде «Жемқорлықсыз болашаққа. Бірге!» атты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумы өтті. Форум кезінде арнайы көрме ұйымастырылып, бейнеролик көрсетілді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, жыл ішінде Ақтөбеде 69 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. Парақорлық, қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану фактісі басым. Жемқорлықтың алдын алу үшін өңірде 1 миллионнан астам жарнама таратылды.
null 

«Жыл басынан бері 15 рейд жүргізілді. Қызметтен тыс уақытта автокөлікті пайдаланудың 24 фактісі анықталды. Мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. «Қызметтік көлік - қызметтік мақсатта» акциясы ұйымдастырылды. Қазір барлық мекемелердің көліктерінде арнайы жапсырма бар»,- деді Мемлекеттік қызмет істері әне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Қайыржан Тоқышев. Сонымен қатар, биыл call орталыққа 10 адам хабарласып, жемқорлық туралы ақпарат берді. Нақты ақпарат берген адамдарға 1,3 миллион теңге бөлінді.
null 

 «Жемқорлықпен күресу - қоғамның және әр азаматтың ортақ ісі, ортақ міндеті. Адам белгілі бір материалдық жағдайға тәуелді болса, ол ар-намысты, ұятты екінші орынға қояды. Егер біз осылайша ар-намысты екінші орынға қойсақ, онда болашақта тұтас бір ұрпақты жоғалтып алуымыз мүмкін. Біз осыны түсінуіміз керек. Жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп, өңірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпауымыз қажет»,- деді Ақтөбе облысы әкінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Форум кезінде нақты ұсыныстар да айтылды. Мәселен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Амангелді Есіркепов орта, жоғары оқу орындарын жас ұрпақты тәрбиелеу алаңына айналдыруды ұсынды. Тіпті, арнайы пән енгізіліп, дәріс беру қажет деп есептейді. 
null null null null 

Соңғы жаңалықтар