Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы байқалмайды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысына маусым айына 12 мың тоннадан астам сұйытылған газ бөлінді. Бүгінде мұнай-газ өнімі жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында жыл өткен сайын сұйытылған газға сұраныс артып келеді. Облыстық Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша, өңір аумағында 3 сұйытылған мұнай газын өндіруші зауыт жұмыс істейді. Олар: «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС.

«ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына осы жылдың маусым айында 12 013 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді. Өндіруші зауыттардың жөнелту кестесіне сәйкес, көзделген 12 013 тоннадан бүгінгі күні 2 858 тонна немесе жалпы көлемнің 24% жіберілді. Сонымен қатар Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша маусым айына қосымша 1 500 тонна бөлу жоспарланып отыр. Бұл ретте өңірде 9 155 тонна сұйытылған мұнай газының қоры бар. Қазір өңірде сұйытылған мұнай газының тапшылығы байқалмайды. Бұл мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде жаз-күз айларында сұйытылған газ тапшылығы жиі кездеседі.


Соңғы жаңалықтар