Ақтөбеде суға кеткен қыздың денесі бір күннен соң табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Елек өзенінен 24 жастағы қыздың мүрдесі табылды. Құтқарушылар түнде екі сағат, бүгін 4 сағат бойы іздеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше жергілікті сағат 22:00-де Елек өзенінің суға түсуге болмайтын аумағында 24 жастағы қыздың суға кеткені туралы ақпарат түсті. Ескі көпір маңында үш адам қыдырып, ішімдік ішкен. Кейін қыз суға кетіп қалып, құтқарушыларға кешке хабар келіп түсті. Қараңғыда 2 сағат іздеп, кейін жұмысты тоқтатуға тура келді. Таңертең 6:30-да іздеу жұмыстарын жалғастырып, мәйіт 10:55-те табылды. Сүңгуірлер қыздың денесін 2 метр тереңдіктен, өздері демалған аумақтан 20 метр қашықтықтан тапты»,- дейді судан құтқару қызметінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар