Ақтөбеде судан құтқарушыларға шақырту көбейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында судан құтқарушылар күніне 100-ден астам шақыртуға барып жүр. Көбі көшедегі қар суының аула ішіне кіріп кетуінен қауіптенеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы су тасқынына қарсы штаб қазір ауылдық округтердегі ахуалды бақылап жүр. Қала маңындағы Кеңес Нокин, Қызылжар, Бекқұл баба ауылдарындағы жыраларды тазартып, аумағын кеңейту жұмыстары басталды. Осы арқылы су ағысының арнасын кеңейтіп, кедергілерді жою көзделген.

«Өткен жылы қауіп төнген аймақтарда жазда алдын алу жұмысы жүргізілді. Биыл ол аумақтарға экскаватор мен су сору көліктері апарылды, бірақ жыралар арқылы су кедергісіз ағып жатыр. Негізінен штабға түстен кейін жиі қоңырау шалып, көмек сұрайды. Олар көшедегі судың аулаға кіріп кетуінен қорқады. Комиссия барып, қауіпті екенін анықтаса, су сору жұмыстары жүргізіледі»,- деді Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жанындағы судан құтқару бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.

null 

Айта кетейік, кеше қала бойынша 126 шақырту түскен. Көбі Құрмыш, Мәскеу, Заречный мен Оңтүстік-Батыс ауданының тұрғындары.

«Қала маңында Сазды, Қарғалы, Ақтөбе су қоймасы бар. Бұл жерлердің су қабылдау мүмкіндігі жоғары. Әзірге ешқандай қауіп жоқ. Суға кеткендер де тіркелмеді. Ал алдын алу жұмыстары жан-жақты жүріп жатыр»,- деді Б.Нұрашев.

«Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны ақтөбеліктерге 8-13 сәуір аралығында қар күрт еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі деген ескерту берді.  Сонымен қатар, су тасқынына қарсы штабтың телефондары таратылды. 

null

Соңғы жаңалықтар