Ақтөбеде су тасқынының алдын алу үшін 8 өзеннің табаны тазартылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 8 өзеннің табаны тазартылып, жағасы бекітіліп жатыр. Бұл туралы қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында Елек, Қарғалы, Песчанка, Жіңішке, Тамды, Сазды, Бұтақ, Жаман Қарғалы өзендерінің табаны тазартылып, жағасы бекітіліп жатыр.

«2017 жылы тасқын болып, тұрғын үйлер су астында қалды. Сол кезде Қарғалы мен Елек өзенінің суы бір- біріне құйып, тұрғын үйлер мен бау-бақша ұжымындағы үйлерді су басты. Барлығы 71 бау-бақша ұжымы мен қала маңындағы үш ауылдың үйлері су астында қалды. Шығын - 450 миллион теңге. Қазіргі кезде су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды. Өзендердің табаны 20 жылдан бері тазартылмаған екен. Табиғи арналар бұзылып, ол жерлерге жеке үйлер салған. Бұл да үлкен кедергі», - деп хабарлады қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі.null

Айта кетейік, су тасқынының алдын алу, өзен арнасын тазарту жұмыстарына республикалық бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Барлығы 4 мердігер жұмыс жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша 180 шақырым өзен табаны тазартылып, жағасы бекітіледі. Жұмыс осы жылдың соңына дейін жалғасады», - деді қалалық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.

Еске салсақ, 2017 жылы су тасқыны болып, Ақтөбеде ондаған үй қирап қалды.

Соңғы жаңалықтар